Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнін салтанатты түрде атап өтті

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңістің 78 жыл толу мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, мекеме бастықтары, жеке құрам және сала ардагерлері қатысты.

Еліміздің көк байрағы ортаға әкелініп, Әнұраны шырқалғаннан кейін, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов қонақ ретінде арнайы шақыртылған тыл майдангерлері мен сала ардагерлерін және салтанатты іс-шараға жиналғандарға құттықтау сөздерін айтып, Отан қорғаушылар күнімен және алдағы Жеңіс күнімен құттықтады.

Бұл күні Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жаңадан қабылданған 23 жас қызметкер Отан алдындағы борышын адал атқаруға салтанатты түрде ант қабылдады. Салтанатты іс- шарада қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Әйтеке би аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы Ізбасар Сәт мерзімінен бұрын әділет капитаны арнайы атағын алды.

Сонымен қатар №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы Орын Тлегенов «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальімен, Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Қайрат Кубаев «қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамотасымен №8 мекемесі бақылаушылар қызметі бөлімінің аға бақылаушысы Мырзатай Шуренов және №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет старшинасы Ақылбек Қазбаев, ал Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің алғыс хатымен №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпус бойынша аға қызметкері Ілияс Жұмағазиев марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру