Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД мекемесіне есірткі алып кірмек болған күдікті анықталды

Ақтөбе облысы бойынша  ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында №70  мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат ерекше иісі бар, түйіршіктелген шәй арасына ұқыпты түрде жасырылған есірткі болып шықты. Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісінің алдын алды. Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды. Дегенмен, дер кезінде әрекет жасап, істің алдын алу – біздің басты қағидамыз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады, – деп атап өтті басшылар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру