Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №9 мекемесінің қызметкерлері Алғыс айту күніне орай облыстық қан орталығына барып, донор ретінде қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кез келген жан донор болу арқылы адам өміріне араша бола алады. Бір рет тапсырған 450 мл қан өлім аузында жатқан 3 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік сыйлайды екен.

– Дүниеде адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. Қиын сәтте дәрігерлермен бірге қарапайым адамдардың да, өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысып жататын тұстары аз емес. Соның бірі – донор болу, яғни ерікті түрде қан беру. Бүгінгі жасаған ісіміз адамдарға жаңа өмір сыйлайды деп сенеміз, – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 мекемесінің бастығы А.Кусайынов.

Айта кететін жайт, донор болар алдында дәрігерлер қызметкерлердің донор болуға жарамды немесе жарамсыз екенін анықтау үшін медициналық тексерістен өткізеді. Толық тексерістен өтіп, рұқсат берілген қызметкерлер мұқтаж жандарға донор болып, сауапты іс жасауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру