Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелері әкімдікте қаралды

Ақтөбеде түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелері жергілікті әкімдікте қаралды, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде ұсталған сотталғандар мен тергеу-қамауындағы азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек мәселелері облыс әкімдігінде өткен кеңес отырысында қаралды.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың төрағалығымен өткен кеңес отырысына Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, облыстағы түзеу мекелемерінің бастықтары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен №1, №2 қалалық емханалар басшылығы, сондай-ақ жедел жәрдем станциясы мен басқа да медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттерінің өкілдері қатысты.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде ұсталатын сотталғандарға және тергеу қамауындағыларға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында профилактикалық медициналық тексеруден өту туралы үш жақты меморандум жасалған. Осыған сәйкес, Ақтөбе облысының ҚАЖ департаменті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, облыстағы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерінің ҚАЖ мекемелеріне кедергісіз кіруін және олардың қауіпсіздігін, тергеу қамауындағылар мен сотталғандарды медициналық тексеруге келуін және қажет болған жағдайда қосымша бөлме бөлінуін қамтамасыз етіп келеді.

Айта кету керек, 2023 жылғы қаңтар айының аяғында аталған өзара ынтымақтастық меморандумына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70, №8, №9 мекемелерінде бірлескен кешенді медициналық тексеріс өткізілді.

Ақтөбе облысы әкімдігінде өткен комиссия отырысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, тергеу қамауындағы және сотталғандарды медицинамен қамтамсыз ету бағытында кемшіліктер мен өзекті мәселелерді ортаға салды. Айтуынша, түзеу мекемелеріндегі медициналық бөлімдерге жүргізілген жөндеу жұмыстарына қарамастан, барлық ғимараттардың соның ішінде медициналық кабинеттердің тозуы қазіргі таңда басты мәселеге айналды. Осыған орай барлық медициналық-санитарлық бөлімдерге кешенді жөңдеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сол сияқты, тергеу қамауындағылар мен сотталғандарды қажетті дәрі-дәрмектермен тұрақты қамтамасыз ету маңызды.

– ҚАЖ департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторы және №8 түзеу мекемелеріне заманауи цифрлық флюорографиялық аппарат сатып алу қажет. Бұл аппарат қалаға, яғни сотталғандарды азаматтық денсаулық секторына шығуын азайтып, мекеме ішінде қажет болған жағдайда зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, №70, №8, №9 түзеу мекемелерінің медициналық бөлімдері үшін сотталғандарды тасымалдауға арнайы автокөліктер сатып алыну қажет. Бұдан басқа, тергеу-қамауындағылар мен сотталғандар инфекциялық аурумен ауырған жағдайда, қалалық аурухана ішінен инфекциялық ауруларға арналған 1 арнайы палата қажеттілігі туындап отыр, – Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов.

ҚАЖ департаменті бастығы орынбасарының баяндамасын тыңдап, талқыға салынғаннан кейін, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, №70, №8 мекемелерінің медициналық бөлімдерін стационарлық флюорографиялық аппаратпен қамтамасыз ету және №70, №8, №9 мекемелерінің медициналық бөлімдерін нормативтерге сәйкес медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету бойынша, сонымен қатар аталған мекемелердегі ұсталған сотталғандар мен тергеу-қамауындағы азаматтарды жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының консультациясынан және медициналық тексерістен үнемі және уақытылы өтуін, олардың қажетті емді алуларын ерекше бақылауға алуға тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру