Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ер адам тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерді қолды қылған

Көкшетауда ер адам тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерді ұрлап, металл қабылдау орнына өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына «Таза қызмет» ЖШС өкілі арызбен жүгінді. Оның айтуынша, 27 наурыз күні сағат 15:00 шамасында облыстық орталықтың тұрғын үй аулаларының бірінің аумағынан тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы контейнерді металл қабылдау пунктіне тапсырған ер адамды анықтады. Оның ұрлыққа қатысы тексеріліп, істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Көкшетау қаласының полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру