Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде темір тордан босаған адамдардың қоғамға бейімделуі үшін шаралар ұйымдастырылуда

Ақтөбеде темір тордан босаған төрт сотталғанның қоғамға бейімделуі үшін шаралар ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде қамаудан босаған сотталған азаматтардың қоғамға тез бейімделуі үшін алғашқы көмектерді көрсету мақсатында «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға қатыстырылған Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі және қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мекемеден босаған сотталған азаматтарға оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректері, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарында есепке қою секілді т.б. толық мәліметтерді түсіндірді.

Айта кетейік, дәл осы күні аталған түзеу мекемесінен жаза өтеу мерзімінің аяқталуымен төрт сотталған азамат бостандыққа шықса, олардың біреуі қоғамдық жұмыс бойынша жазасын Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі есебінде тұрып, өтейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру