Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тергеу изоляторы жеке құрамының автокөлік құжаттары тексерілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің жеке автокөліктері тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында автокөліктердің техникалық жағдайы, жарық көздерінің жұмыс істеуі, медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы және басқарып жүруге қажетті құжаттары мен сақтандыру полюсінің мерзімдері тексерілді.

– Тексеру нәтижесінде жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда екендігі нақтыланып, жүргізу бойынша мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ, – дейді мекеменің кадр саясаты бөлмінің кәсіби қызметтік және дене-шынықтыру жөніндегі аға инспекторы Орынтай Дулатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру