Ақтөбеде тұрғындардың сыртынан несие рәсімдеген алаяқ қолға түсті
Ақтөбеде несие кеңесшісі тұрғындардың сыртынан несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне қала банктерінің бірінің менеджері ағымдағы жылдың наурыз айында ұялы телефон сататын дүкенде жұмыс істеген 28 жастағы несие кеңесшісі 69 жастағы зейнеткердің атынан тауарлық несие алғаны туралы айтты. Шығын бір миллион теңгеден асты. Күдікті осындай жолмен Ақмола облысының 27 жастағы тұрғынына бір миллион 150 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдеді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтарға құрбаны болмас үшін өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Төлем картасының деректемелерін әлеуметтік желілерде жарияламаңыз. Қаржы ұйымдарының қызметкерлері ұсынатын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға өзіңіздің дербес деректеріңізді айтпаңыз. Барлық қол қойылған құжаттарды мұқият оқып шығыңыз, көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз.