Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда гашиш сатушысы ұсталды

Алматыда гашиш сатушысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімінің хабарлауынша, есірткі сатушы кешкі сағат сегізге жақын қала алаңдарының бірінде ұсталған.

– Әңгіме 1987 жылы туған С.есімді ер адам жайлы. Ол есірткі құралдарының сатылым фактісі бойынша күдікті. Жеке тексеру кезінде құрамында жасыл түсті зат бар полиэтилен пакеті табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сот-химиялық сараптама оның гашиш екенін анықтады. Оның салмағы 6,23 грамм болды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар спикер С.есімді ер адамның қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталып, қылмыстық іс материалдарына тіркелгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру