Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесінің кітапхана қоры 44 әдеби кітаппен толықты

Ақтөбеде түзеу мекемесінің кітапхана қоры 44 әдеби кітаппен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты № 8 түзеу мекемесінің кітапхана қоры 44 жаңа әдеби кітаптармен толықты.

Әдеби кітаптарды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қоры тарту етті. Сыйға берілген кітаптардың ішінде қазақтың зиялы тұлғаларының, сондай-ақ шетелдің жазушыларының классикалық шығармалары бар.

Жалпы кітапхана сөресін толықтырған әдебиеттер № 8 түзеу мекемесі және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлескен жоспар аясында жүзеге асқан. Сонымен қатар тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде № 8 түзеу мекемесінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Бұл орайда мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Соның бірі – жазасын өтеушілер ішкі күн тәртәбіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру