Ақтөбеде УАЗ автокөлігі электрлі самокатпен соқтығысты
Ақтөбеде УАЗ автокөлігі электрлі самокатпен соқтығысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйекте "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісі Некрасов көшесімен солға бұрылған кезде Некрасов көшесі жағынан тротуарда келе жатқан 52 жастағы ер адамның басқаруындағы электрлі самокатпен соқтығысуға жол берді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарау және жол ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.