Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде үйіне оралмаған қыз ойын-сауық орталығынан табылды

Ақтөбеде полиция жоғалған қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні сағат 19:00-де Ақтөбе қ. ПБ ЖБО 102 телефонына кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалған кәмелетке толмаған қыздың әкесі оның 12 жастағы қызы сағат 17:30-да үйінен шығып, қайтып оралмағанын хабарлады. Ұялы телефоны қосулы, бірақ ол қоңырауға жауап бермейді.

Дереу іздестіру тобы ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері барлық мүмкін болатын орындарды тексерді, жоғалған адамның тұратын ауданында орналасқан бейне бақылау камералары қаралды.

Сағат 21:00 шамасында «Керуен Сити» ОСО ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты. Полицейлер баламен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізді.

– Мұндай баланы үйден бірінші рет шығарған кезде ата-аналардың дұрыс мінез-құлқы маңызды, ол бастапқы кезеңде әлі де жағдайды түзетіп, отбасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіре алады. Үйден кетудің себебі баланың қажеттіліктерін елемеу болып табылады, оның негізінде ата-аналармен өзара түсіністіктің болмауы жатыр. Осы кезеңде отбасының психологиялық климаты бала үшін өте маңызды, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов. – Сонымен қатар, осындай жағдайларда уақытты жоғалтпау үшін дереу полицияға хабарласу керек. Бұл деректе жоғалған қыздың ата-анасы полицияға дер кезінде жүгінген және полицейлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында баланы қысқа мерзімде тауып, ата-анасына қайтаруға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру