Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 25 жүргізуші жазаланды

Ақтөбе облысының аумағында “Жаяу жүргінші және жолаушы” профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы аптада патрульдік полиция қызметкерлерінің назарында жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерді жібермейтін жүргізушілер болады.

7-10 сәуір аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Жаяу жүргінші және жолаушы” профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің бірінші күні полиция қызметкерлері 372 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін 52 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың тоғыз фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың – төрт, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 29 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 25 жүргізуші, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 118 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті жаяу жүргіншілерге тротуармен, жаяу жүргіншілер жолымен, ал олар болмаған кезде жол жиектерімен жүру керектігін ескертеді. Жаяу жүргіншілер жолдан жаяу жүргіншілер өтпелері бойынша, ал олар болмаған кезде – тротуарлар немесе жол жиектері желісі бойынша қиылыстардан өтуі тиіс. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінде жаяу жүргіншілер алдағы өтудің қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүріс бөлігіне шыға алады. Тәуліктің қараңғы уақытында немесе жеткіліксіз көріну жағдайында жолдың жиегімен немесе жүру бөлігінің шетімен жүру кезінде жаяу жүргіншілерге жарық шағылыстырғыш элементтері бар заттарды өзімен бірге алып жүру және көлік құралдары жүргізушілерінің осы заттардың көрінуін қамтамасыз ету ұсынылады.

Ал көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерге, соның ішінде балаларға да назар аударуы керек. Баланың жолдағы мінез-құлқын болжау мүмкін емес, сондықтан абай болыңыз.

Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ЖКО алдын алу бойынша 500-ден астам буклеттерді таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру