Дүкеннен қымбат шарап ұрлаған жігіт тергеліп жатыр
Дүкеннен қымбат спирттік ішімдіктерді ұрлаған 31 жастағы ақтөбелік тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында ақтөбелік полицейлер дүкеннен спирттік ішімдіктерді ұрлаған ақтөбелікті ұстады.
Анықталғандай, шілде айының соңында белгісіз адам спирттік ішімдіктерді сататын дүкеннің сөресінен арақ-шарап өнімдерін ұрлап кеткен. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бұрын жауапқа тартылған 31 жастағы ақтөбелік күдіктіні анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті дүкеннен «Jack Daniels» және «Hennessy» сияқты қымбат алкогольді ішімдіктерді ұрлаған. Сондай-ақ, оның бір ЖШС-ға тиесілі спирттік ішімдіктер дүкеніндегі жасалған ұрлықтың тоғыз дерегіне қатыстылығы анықталды.
Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.