Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен қымбат шарап ұрлаған жігіт тергеліп жатыр

Дүкеннен қымбат спирттік ішімдіктерді ұрлаған 31 жастағы ақтөбелік тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында ақтөбелік полицейлер дүкеннен спирттік ішімдіктерді ұрлаған ақтөбелікті ұстады.
Анықталғандай, шілде айының соңында белгісіз адам спирттік ішімдіктерді сататын дүкеннің сөресінен арақ-шарап өнімдерін ұрлап кеткен. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бұрын жауапқа тартылған 31 жастағы ақтөбелік күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті дүкеннен “Jack Daniels” және “Hennessy” сияқты қымбат алкогольді ішімдіктерді ұрлаған. Сондай-ақ, оның бір ЖШС-ға тиесілі спирттік ішімдіктер дүкеніндегі жасалған ұрлықтың тоғыз дерегіне қатыстылығы анықталды.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру