Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантинде жұмыс жасаған ойынхана анықталды

Тәртіп сақшыларының кезекті рейдтік шаралары кезінде Әл-Фараби ауданында карантин талаптарын бұзып, жұмыс жасап жатқан ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамыз күні сағат 22:35 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Тоқаев көшесі бойында жертөледе орналасқан “ОКЕЙ КАРТА” ойынханасының жұмыс жасап жатқандығын анықтады. Тәртіп сақшылары нысан әкімшісінен түсініктеме алып, Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің №32 қаулысының ережелерін сақтамай карантин режимін бұзып келушілерді кіргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік шара көру үшін Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру