Ақтөбелік полицейлер алаяқтықтың төрт фактісіне қатысы бар азаматты ұстады
Ақтөбелік полицейлер алаяқтықтың төрт фактісіне қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қазанда полицияға Петропавловка ауылының 34 жастағы тұрғыны Әлібек деген азаматтың Ақтөбе қонақ үйінің жанында армян есебіндегі автокөлігін қайта ресімдеу үшін сертификат алуға көмек көрсетемін деп алдап, 26 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденгені туралы шағымданған.
Күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аталған тұлғаның осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысын анықтады.
7 қазанда күдікті армян есебіндегі автокөлікті қайта ресімдеу үшін сертификат алуға көмек көрсетемін деп алдау арқылы 36 жастағы жергілікті тұрғынның 25 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген.
8 қазанда 12 – шағын ауданында армян автокөлігін қайта ресімдеу үшін сертификат алуға көмек көрсетемін деп 46 жастағы ақтөбелік тұрғыннан 25 мың теңге алған.
8 қазанда күдікті дәл осындай жолмен Тургенев көшесіндегі дәмхана жанында 1984 жылы туған ақтөбеліктен алдау арқылы 25 мың теңге сомасында ақша алған.
Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.