Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері есірткі пайдаланып, автокөлік басқарған есерсоқты ұстады

Ақтөбеде есірткі қолданып автокөлік басқарған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазанда  Ахтанов көшесіндегі “Астана” сауда үйінің жанында патрульдік полиция жасағы 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан “ВАЗ-2113” автокөлігін тоқтатқан, тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан  айырылғаны және машинаны есірткілік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жүргізуші Ақтөбе қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру