Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

12-18 қазан аралығында облыстың ювеналдық полиция қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шараларды өткізді, іс-шаралар барысында ішкі істер органдарына қаңғыбастығы үшін 121 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның тоғызы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Әкімшілік жауапкершілікке 270 ата-ана және басқа да ересек тұлға тартылды, екі ата-ана  заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін, 26 кәмелетке толмағанның түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуына жол бергені үшін 11 көңіл-көтеру орнының иесі, алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны және темекі мен темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін 5 дүкен иесі, 26 кәмелетке толмағанның көңіл көтеру орындарында болғаны және 95 жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 121 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Бұдан басқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің басқа да баптары бойынша 131 хаттама толтырылды.Іс–шара барысында ішкі істер органдарының  профилактикалық есебіне 6 кәмелетке толмаған, сондай-ақ 3 жайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру