Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Жітіқара ауданының тұрғындарымен кездесті

Қостанай облысының ПД бастығы Бекет Аймағамбетов өңірлердегі проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған сапарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іссапар барысында ведомство басшысы Жітіқара ауданында азаматтарды қабылдады. Облыстың бас полицейіне проблемалық мәселелермен 15 азамат жүгінді.

Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуынша, бұл өңір Ресей Федерациясының  Орынбор және Челябинск облыстарымен шектесетін шалғай жер.

Жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі ұрлық болып табылады, олардың ашылуы 50% – дан асады.

Қалада 88 бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың көмегімен 23 қылмыс ашылып, 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

“Қауіпсіз аула” жүйесі бойынша орнатылған камералардың арқасында көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыс екі есеге азайған.

ПД бастығы жергілікті тұрғындармен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен кездесіп, негізгі проблемалық мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының саны азаюына байланысты ауылдық округтерді біріктіру процесі жүріп жатыр. Учаскелік инспекторлар кейде бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан бес ауылға қызмет көрсетеді.

Бекет Аймағамбетов көрсетілген проблемалық мәселелердің шешімін табу бойынша шаралар қабылданатынын жеткізді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру