Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тапты

Ақтөбелік полицейлер оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілде күні Toyota Camry 50 автокөлігінің жүргізушісі “Дина” супермаркетінің көлік тұрағынан шығып келе жатып, көлік тұрағында тұрған 24 жастағы жігітті қағып кетті. Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Полиция департаментінің ЖПҚБ іздестіру бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін жүргізді. Аталған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, іздестіру шараларының нәтижесінде 52 жастағы автокөлік жүргізушісін анықтап, ұстады. Жүргізуші өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, көлік тұрағынан шыққан кезде ол жаяу жүргіншіні байқамай қалған, нәтижесінде аяқ жақ бөлігін басып кеткен. Кейін жаяу жүргінші жарақат алмады деп ойлап, кетіп қалған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру