Ақтөбелік полицейлер Республика күнін атап өтті
Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысы Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 25 қазанда біз еліміздің басты мерекесін атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет – тәртіпті қамтамасыз етiп, азаматтарды қорғау. Біз халықтың сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек, – деп атап өтті өз сөзінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов.
Мерекелік іс-шара барысында жеке құрамға ішкі істер министрінің және Департамент бастығының бұйрықтары оқылды.
ПД бастығының бұйрығымен 12 қызметкерге «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісі табысталды, 9 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, 111 қызметкерге алғыс жарияланды, 16 қызметкерден тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынды.