Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер ұлттық жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды

Ақтөбелік полицейлер ұлттық жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде ұлттық жекпе-жек спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа республиканың барлық облыстарынан 400-ге жуық спортшы қатысты.

Полиция қызметкерлері Мирас Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Махметов бірінші орын иеленіп, жеңіспен оралды. Сондай-ақ, Мирас Ұлықпанов аталған спорт түрінен Қазақстанның бес дүркін чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Айбек Атабаев аталған спорт түрінен екінші орынға табан тіреді.

Үлгілі және жас полиция қызметкерлері бала кезінен спортпен шұғылданады.

– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Барлық қарсыластар мықты және жеңіске лайық болды. Барлық өңірлерден ең үздік спортшылар қатысты. Полиция департаментінің басшылығы мен жаттықтырушыларына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті жеңімпаздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру