Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеліктер өз еркімен 62 қару тапсырды

Акцияның бір аптасы ішінде ақтөбеліктер өз еркімен 62 қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірден бастап Ақтөбе облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция жүргізіледі.

Акция басталғанан бері тұрғындар 62 бірлік қару, оның ішінде алты бірлік ойық, 56 тегіс ұңғылы қаруды және үш килограмм оқ-дәрі тапсырды.

Мысалы, Алға ауданының тұрғыны полиция бөліміне екі аңшы мылтығын тапсырды. Оның айтуынша, бір аңшы мылтығын далада тауып алған, екіншісі марқұм атасынан қалған. Өтіп жатқан акция туралы естіп оларды тапсыруға бекінген.

Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру