Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Аралда мас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал ауданының Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен аудан көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Арал қаласы Бақтыбай батыр көшесі бойында жүрген көлік құралын тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында Арал ауданы Мергенсай елді мекенінің тұрғыны К. есімді жүргізуші алкогольдік масаң күйде көлік басқарғанына күдіктеніп, медициналық сараптама орталығына тексеру жүргізілді.

Медициналық қорытынды нәтижесі бойынша жүргізушінің «жеңіл» дәрежеде мас күйде болғандығы нақтыланды.

Көліктің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Аудандық соттың қаулысымен мас жүргізушілерге 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру