Арық жүйесіне құбыр орнатқан қала тұрғыны жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтанда арық жүйесіне құбыр орнатқан қала тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері абаттандыру қағидасын бұзуды анықтау мақсатында локальді-рейдтік іс-шараларды өткізеді. Осылайша, Сырдария көшесінің аумағын тексеру барысында тәртіп сақшылары арық жүйесіне ағызатын құбырды орнатуға жол берген меншікті үйдің иесін анықтады. Абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылғы 10 айдың ішінде полиция қызметкерлері абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін төрт мыңға жуық азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.