Арыс ауданы полиция бөлімінің жас мамандары музейге барды
Арыс ауданы полиция бөлімінің жас мамандары музейге барып, тарихпен танысып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арыс АПБ-ның жас мамандары музейге саяхат жасады. Мәселен, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өлке тарихымен, ұлттық құндылықтарымен танысу мақсатында, Арыс қаласының Қазыбек би көшесінде орналасқан Мәдениет басқармасының «Арыс қалалық музейіне» барып, өткен тарихпен танысып, көптеген мағұлматтар жинап қайтты. Мұражай қызметкерлері жас мамандарға танымдық экскурсия жүргізіп, туған өлкенің елеулі тарихи оқиғалары жөнінде баяндап берді.
Тәртіп сақшылары музеймен танысу барысында пайдалы ақпарат алды.
Қазақ даласында орын алған оқиғалармен танысқан жас мамандар алдағы уақыта қиыншылықпен келген атамекен жерлерін қорғауға тырысатындықтарын жеткізді. Жас мамандарды тәрбиелеу мақсатында өткізілген мұндай жиналыстар, алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.