Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік ерлі-зайыпты анықталды

Өзбекстандық ерлі-зайыпты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері “Орал – Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған ерлі-зайыптыларды анықтап, ұстады. Олар Өзбекстан Республикасының 27 және 26 жастағы азаматтары болып шықты.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысы Арыс аудандық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру