Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Арзан бағада автокөлік алып беремін”: түркістандық тұрғын 680 мың теңгесінен айырылып қалды

Түркістан полицейлері көлік алып беремін деп тұрғынның ақшасын алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша, өзінің танысы Ресей елінен арзан бағада автокөлік алып беремін деп сеніміне кіріп, 680 мың теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау мақсатында ақпарат жинады. Нәтижесінде күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, басқармаға жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, көлік алып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру