Аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін Семей тұрғыны ұсталды
Аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін Семей тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы бөлімшесімен бірге аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Бұрын сотталмаған тұрғыннан оның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген санкцияланған тінту барысында 3,5 келіден астам кептірілген марихуана және 168, 41 грамм гашиш табылып, тәркіленді.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Осы баптың санкциясымен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деп атап өтті Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.