Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарға көмек көрсетуде

Маңғыстауда пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарға көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған жүкті әйелдер, сондай-ақ жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлер және шартты түрде сотталғандар​ тұрады. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдарға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларға сотталғандар жатады.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандардың да санаттары әр түрлі. Түпқараған аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрғандарға тек қана әлеуметтік-психологиялық көмек беру емес, сондай-ақ басқа да қолдау көрсетеді.

Ержан пробация есебіне биыл алынды.​ Басына түскен жағдайына байланысты жұмыссыз қалды. Пробация қызметкерлері оны аудандық жұмыспен қамту орталығына жіберді. Қазіргі уақытта тазалықшы ретінде өз жұмысын атқарып жүр. ​

– Жұмысы арқылы ол өз тәртібін түзейді, жауапкершілікті сезінеді деп сенеміз. Себебі пробация қызметінің басты мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету арқылы олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, – дейді Түпқараған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Наков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру