Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана: Есіл ауданы ПБ бастығы тұрғындармен кездесті

Астана: Есіл ауданы ПБ бастығы тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы Әлібек Қожахметов өткен жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қадырбек-ұлы қатысты. Аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын, арыз-шағымдарын, өтініштерін немесе ұсыныстарын тікелей қоюға мүмкіндік алды.
Полиция басқармасының басшысы сөзін өткен жылдағы жедел іс-шаралардың қорытындысын айтудан бастады.

Жедел-қызметтік жұмысты талдау нәтижесінде ауданда тиісті бақылауды сақтауға, қоғамдық тәртіпті дүрбелең бұзуға жол бермеуге мүмкіндік туды.

Мәселен, 2022 жылs 3564 қылмыс тіркелген. Алаяқтықтың 0,8%-ға өсуі тіркелді.

Полиция қызметінің басым бағыты – қылмыстың алдын-алу және жолын кесу болып табылады. Тұрақты негізде жергілікті рейдтік және жедел алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқықтық тәртіп мәселелерін кешенді шешудің және бірлескен нәтижеге бағыттаудың тиімді түрі – жыл сайын өткізілетін «Учаске» профилактикалық іс-шарасы. Осы іс-шара барысында жалға берілетін пәтерлер, сондай-ақ жалға берілетін пәтерлерде заңсыз тұрып жатқан, оның ішінде бақылаудағы тұлғалар да анықталады. Полицейлер көпқабатты және жеке үйлердегі 29 мыңнан астам пәтерлерді аралап, саяжай аумағында орналасқан 8 мыңнан астам үйлерді тексерді.

Ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдік ішу, белгісіз орындарда темекі шегу және түнде тыныштықты бұзу сияқты түрлі құқық бұзушылықтар бойынша барлығы 25 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар толтырылған. 26 945 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полицияның сервистік моделі» жобасы аясында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, азаматтардың полицияға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған полиция қадамдық қолжетімділікте қағидаты басты орында. Бұл учаскелік пунктерді, мобильді посттарды оңтайлы орналастыруды, жауаптылықты арттыруды, сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдануды қамтиды. Ең бастысы, бұл тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу, бұл азаматтардың учаскелік полиция инспекторларын тану деңгейін және сенімін арттырады.

Полиция басқармасының басшысы ыңғайлы болу үшін әкім аппаратының, ҮЕҰ және тұрғын үй кооперативтерінің өкілдерін тарту арқылы «Үйлердің ауласында қабылдау» акциясы жалғасып жатқанын атап айтты.

Баяндаманы аяқтаған соң, Әлібек Қожахметов жиналғандарға тығыз және жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, аудан тұрғындарының қоғамдық қауіпсіздігін нығайту жолында белсенді және бірлескен жұмыс жалғаса беретініне сендірді.

Сондай-ақ азаматтардан түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалды. Тұрғындарды жол қауіпсіздігі, аулалар мен аумақтарды абаттандыру, қосымша бейне-бақылау камераларын орнату және басқа да әлеуметтік мәселелер қызықтырды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлеріне көптеген алғыстар айтылды. Тұрғындар олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторларына ерекше алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру