Астана полицейлері із-түзсіз жоғалған баланы тапты
Астана полицейлері із-түзсіз жоғалған баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қыркүйекте сағат 22.04-те полицияға елорда тұрғыны 9 жатағы ұлының сағат 13.00-де үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін және оның жүрген жері әлі белгісіз екенін айтқан.
Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Полиция департаментінің жеке құрамы мен оған қарасты күштер, сондай-ақ еріктілер бағытталған. Барлық қажетті жедел-іздестіру және тексеру іс-шаралары жүргізілді. Жоғалған адам болуы мүмкін жерлер тексерілді.
– Қабылданған шаралармен кәмелетке толмаған бала табылды. Оның Ақмола облысының Софиевка ауылына әжесіне барғаны анықталды. Қазіргі уақытта балада бәрі жақсы, – деп түсіндірді Астана қаласы ПД КПБ іздестіру бөлімінің бастығы Нұрғали Асылхан.