Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері жолаушының алтынын ұрлаған такси жүргізушісін құрықтады

Астана полицейлері жолаушының алтынын ұрлаған такси жүргізушісін құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шаралары барысында Нұра ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, оның құнды бұйымының қолды болғандығы туралы айтты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші түнгі уақытта үйіне жету үшін такси қызметін пайдаланған. Жолай жүргізушімен танысып, таныстықты бойжеткеннің үйінде жалғастырған. Клиенттің масаң күйде екенін пайдаланған таксист оның үйінен алтын сырғасын қалтасына салып алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы Өзбекстан Республикасының тумасын анықтады. Одан құны 388 мың тұратын гаухар тасты алтын сырға тәркіленіп алынды.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру