Астана тұрғыны манекендегі күртешені киіп, “ізін суытқан”
Астана тұрғыны манекендегі күртешені киіп, “ізін суытқан”, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы елорда тұрғынын сауда орталығында ұрлық жасады деген күдікпен құрықтады.
Тергеу барысында жас жігіттің сауда орталығында сатушының бутиктің ішінде екенін көріп, сыртында орналасқан сыртқы киімдері бар манекендердің оған көрінбейтін жерде тұрғандығын пайдаланып, манекеннен құны 30 мың теңге тұратын жаңа күртешені киіп, сауда орнынан ізін суытқаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.