Астанада дәмханадан телефон ұрлаған күдікті анықталды
Астанада дәмханадан телефон ұрлаған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны полицияға арызданып, дәмханада белгісіз адам оның Iphone ХР телефонын ұрлап алып, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дәмханаға кірген 18 жастағы жігітті анықтады.
Алдымен ол клиент ретінде үстелге отырады. Келушілердің бірі есеп-қисабын төлеуге барғанда, жас жігіт үстелдің үстінде қалған телефонды көріп, көп ойланбастан гаджетті алып, қашып кеткен.
Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды, оның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бары анықталды.