Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер тұрғынның телефонын тартып алған азаматты ұстады

Елордалық полицейлер тұрғынның телефонын тартып алған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарақшының құрбанына айналған елорда тұрғыны полицияға хабарласып, жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, түнде оның құны 300 мың теңге тұратын IPhone 11 телефонын ашық түрде алып қойғанын айтқан.

Тергеу барысында тәртіп сақшылар жәбірленушінің досының үйіне келіп, алкогольдік ішімдік ішкенін анықтаған. Біраз уақыттан кейін сыртқа шыққанда жаңа танысы телефонын сұрап, қоңырау шалмақ болған. Жәбірленуші оған қолындағы гаджетті шығара бергенде, күдікті оны қолынан жұлып алып, “ізін суытқан”.

Полицейлер анықтаған ер адам кінәсін мойындады. Елорда тұрғынының бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болғаны да белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полицейлер телефонды тәркілеп, иесіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру