Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көмекке мұқтаж отбасыға тосынсый жасады

Түркістан облысындағы патрульдік полицейлері көмекке мұқтаж отбасыға тосынсый жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментіне 2023 жылдың қараша айында Түркістан қаласының тұрғыны, 3 бүлдіршіннің анасы көз жанары зақымдалып, көру қабілеті  нашарлаған Шахида есімді азаматша  материалдық көмек сұрап хат жазған болатын.

Тұрғынның хатын патрульдік полиция батальоының қызметкерлері бірден назарға алып, уақыт тауып, аталмыш жанұяға азық-түлік апарып берген еді. Осы сәтте әйелдің үйіндегі төсеніштері жұқа екенін, қыстық отын-суы жоқ екенін байқаған полицейлер, бұл отбасыға қайта келуді шешкен. 

Осы орайда азаматша тұрып жатқан мекенжайға жаңажылдық тосынсый жасап барып, ауласына қыстық көмір түсіріп, сондай-ақ үйіне төсеніш кілем, азық-түлік пен ақшалай қаражат ұсынды.  

Тәртіп сақшыларының қамқорлығына риза болған әйел, шынайы ризашылығын жеткізді. Қашанда осындай тәрбиелі істердің басы – қасынан табылуын тіледі.

Айта кету керек бұл отбасы патрульдік полиция батальонының қамқорлығында. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру