Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ірі көлемдегі ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі тоқтатылды

Астанада ірі көлемдегі ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Мал ұрлығына жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері заң талаптарын өрескел бұза отырып ет өнімдерін заңсыз тасымалдаған DAF жүк автокөлігін анықтады.

Көлікті тоқтатып тексеру барысында жүк бөлігінен ірі қара малдың 26 тұтас еті мен 5 жылқының еті табылды. Жалпы салмағы 6 тоннадан асады. Анықталғандай, өнімдер ешқандай ілеспе құжаттарсыз және қауіпсіздігін растайтын міндетті ветеринарлық таңбаларсыз тасымалданған.

Полицейлер жүктің иесін анықтады. Ол – 48 жастағы ер адам. Ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Қазіргі уақытта тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті жануарлардан алынатын өнімдердің заңсыз айналымы азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертеді. Осыған байланысты азаматтар мен кәсіпкерлерді ет өнімдерінің айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға, өнімдерді тек тексерілген жеткізушілерден сатып алуға және заңсыз тасымалдау немесе сауда фактілері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру