Астанада кафенің кілтін тауып алып, кассасын тонап кеткен азамат анықталды
Астанада кафенің кілтін тауып алып, кассасын тонап кеткен азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астаналық азаматтың барлық әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Тергеу барысында ер адам кафе қызметкерлерінің үй-жайдың кілттерін табалдырықтағы бөшкенің астында қалдыратынын байқағаны белгілі болды.
Таңертең ер адам кафенің кіреберісінен тауып алған кілтпен есікті ашып, үй-жайдың ішіне кірген. Содан кейін ол кассадан 155 мың теңгені ұрлап, қашып кеткен.
Бейнебақылау камераларын қарау кезінде Байқоңыр ауданының полицейлері ер адамның орналасқан жерін анықтады. Содан кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оны құрықтады. Ол қаланың 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында бұл оның алғашқы ұрлығы емес екендігі анықталды. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін астаналық азамат бас бостандығын шектеу түрінде сотталған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.