Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлікті мас күйде тізгіндеген екі жүргізуші жауапқа тартылды

Астанада көлікті мас күйде тізгіндеген екі жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі және таңғы уақытта көлік басқарған екі азаматтың мас күйде болғаны анықталды.
Бірінші жағдай сағат 01:00 шамасында Жанкент көшесінде тіркелді. Полиция қызметкерлері CHEVROLET COBALT автокөлігін басқарған 42 жастағы азаматты тоқтатты. Тексеру барысында оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Арада бірнеше сағат өткен соң, сағат 05:30 шамасында Республика даңғылындағы жанармай құю станциясында тағы бір мас жүргізуші анықталды. Бұл жолы полиция қызметкерлері CHEVROLET RAVON R3 автокөлігін басқарған 20 жастағы жігітті тексерді. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның да жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Екі жүргізуші де алкогольдік масаң күйде көлік басқарып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

Аталған деректер бойынша азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.
Сот шешімімен екі жүргізушіде 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция жүргізушілерге тағы да ескертеді: "Аз ғана ішімдік ішкен едім" деген сылтау жауапкершіліктен босатпайды. Алкогольдік масаң күйде көлік басқару — адамның өз өміріне ғана емес, жолдағы өзге де адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру