Астанада өтіп бара жатқан адамның телефонын тартып алған азамат анықталды
Астанада өтіп бара жатқан адамның телефонын тартып алған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, тонаудың құрбаны болғанын хабарлады. Түскі уақытта, Қарасай бытыр көшесінде оған белгісіз бір адам жақындап, темекі сұраған. «Жоқ» деген жауап алған бейтаныс адам ер адамның қолынан ұялы телефонын жұлып алып, қаша жөнелген. Жәбірленуші тонаушының артынан жүгірген, бірақ оны қуып жете алмаған.
Құны 120 мың теңге болатын телефоннан айырылған астаналық полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер тонауға қатысы бар 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол басқа біреудің Realme C25 маркалы телефонын ломбардқа 20 мың теңгеге тапсырғаны анықталды, полиция телефонды тәркіледі.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Қоғамдық орындарда болған кезде қымбат заттар мен үлкен ақшаны көрсетпеуге тырысыңыз. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.