Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өткен жылы “102” арнасына азаматтардан 805 мыңнан астам қоңырау түскен

Астанада өткен жылы “102” арнасына азаматтардан 805 мыңнан астам қоңырау түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің ЖБО қызметі қылмыстарды тіркеу және ашу тетігіне түбегейлі жаңа көзқарасқа негізделген.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа цифрлық технологияларды енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

2023 жылдың 12 айында “102” полицияны шұғыл шақыру арнасына азаматтардан 805 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Жалпы қоңыраулардың ішінен қылмыс жасау фактілері бойынша 67 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, құқық бұзушылықтар мен оқиғалар фактілері бойынша 478 мыңнан астам хабарлама және 260 мыңнан астам басқа да хабарлама тіркелді. Кешенді полиция күштерінің жасақтары азаматтардың 545 мыңға жуық өтініштерін пысықтады.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап елордада “Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің омниканалдығы” жобасы іске қосылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары “102” тікелей арнасынан басқа “POLICE 102” мобильдік қосымшасы арқылы да полицияға жүгіне алады. Азаматтар үшін бұл жүйе, жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы ақпаратты тікелей оқиға орнынан кез келген ыңғайлы тәсілмен беруге мүмкіндік береді. Хабарламаны қоңырау шалу, аудио, бейне хабарласу, мәтіндік мессенджер арқылы беруге болады. Жүйе операторға абоненттің геолокациясын көруге, сондай-ақ барлық жағдайды тікелей сол жерде көруге мүмкіндік береді.

Өткен жылы 5 мыңнан астам ОМН-өтініштер, соның ішінде 37 бейне-қоңырау және 5217 мәтіндік хабарлама, оның ішінде 32 қылмыс фактісі бойынша, 5093 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша және 92 өзге де сипаттағы хабарлама қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру