Астанада полицейлер даяшының сөмкесін ұрлаған күдіктіні қолға түсірді
Астанада полицейлер даяшының сөмкесін ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның сөмкесін ұрлап әкеткені туралы арызданған.
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Белгілі болғандай, ер адам кешкі уақытта қаланың оң жақ жағалауында орналасқан кафеге келген. Тамақтану залында отырған кезде ол даяшының көрші орындыққа сөмкесін қойып, өзі басқа жаққа алданып тұрғанын байқайды. Күдікті қолайлы сәтті күтіп, ішінде Airpods құлаққабын, қуаттағыш және жеке заттары салынған сөмкені күртесінің ішіне жасырып, кафеден шығып кеткен. Жалпы келтірілген материалдық шығын шамамен 115 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.