Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мотоциклді мас күйде басқарған тұрғын ұсталды

Жетісу облысында мотоциклді мас күйде басқарған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шара барысында Ескелді ауданы Көкжазық ауылында рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Hummer мотоциклін мас күйде басқарған жергілікті тұрғынды ұстады.

– Бұған дейін аталған жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін екі рет ұсталған. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін ол 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп атап өтті ПД ППБ командирінің орынбасары Қайрбек Қанатбеков.

Алкоголь қабылдаудың түрлі теріс әсері барын түсіну қажет: мас жүргізушіде жол жағдайының өзгеруіне реакция жылдамдығы төмен болады. Жүргізуші бағдаршам белгілерін, белгілеу сызықтарын ажырата алмайды. Ал қараңғы уақытта жаяу жүргіншіні мүлдем байқамауы да мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру