Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қонақүйден телефон ұрлаған күдікті құрықталды

Астанада қонақүйден телефон ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айманов көшесіндегі елордалық қонақүй кешендерінің бірінің келушісі полицияға телефонның жоғалғаны туралы жүгінген. Сағат таңғы 08:00 шамасында ер адам әкімшінің орнында жоқтығын пайдаланып, қонақүйдің бірінші қабатына кіреді. Есіктерді тартып көріп, бөлмелердің бірінің ашық қалғандығын байқайды. Осылайша қала тұрғынының шырт ұйқыда жатқанын пайдаланып, Samsung Galaxy A10 телефонын алып кеткен.

Жәбірленуші құнды затының жоғалғанын ұйқыдан тұрған соң ғана байқаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 39 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Сондай-ақ күдікті ұрланған затты “Артем” СҮ ауданында бейтаныс адамға сатқаны анықталды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру