Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған. Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру