Астанада қылмыстық-атқару жүйесінің жаңа мұражайы ашылды
Астанада қылмыстық-атқару жүйесінің жаңа мұражайының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл мұражай тарихи жадымызды сақтау, ағарту және қоғаммен ашық диалог орнатуға арналған алаңға айналды. Экспозицияда қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу кезеңдері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметкерлердің ерлігі, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде ерлік көрсеткен азаматтардың есімдері бейнеленген.
Мұражайда қылмыстық-атқару жүйесінің адамгершілік қырына, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және тәрбиелік мақсаттарға ерекше назар аударылған.
Мұражайдың ашылу рәсіміне ҚР ІІМ өкілдері, ардагерлер және департамент қызметкерлері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен бірге қылқан жапырақты ағаштар отырғызды. Бұл ағаштар - төзімділік пен тұрақтылықтың, жаңару мен адалдықтың символы, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне тән қасиеттердің көрінісі.