Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысты экскурсия өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысты экскурсия өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласы ПД-нің мұражайында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/10 мекеме қызметкерлерінің қатысуымен “Олар Отан үшін шайқасқан” экскурсиясы ұйымдастырылды.Іс-шара барысында департамент мұражайының меңгерушісі Гүлнар Қожамжарова ҚАЖД қызметкерлерін милиция мен полицияның қалыптасу тарихымен, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының батырлары және ішкі істер органдарының ардагерлері туралы мәліметтермен таныстырды. Сонымен қатар, мұражай меңгерушісі келушілерге қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы баяндап берді.Экскурсияның әр қатысушысы Отан үшін шайқасқан және елінің игілігі үшін қызмет еткен батырларды әрдайым есте сақтап, мақтан ететінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру