Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушылар Қостанай облысы бойынша Полиция департаментінің мұражайына барды

Оқушылар Қостанай облысы бойынша Полиция департаментінің мұражайына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінің басшылығымен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында Барвинов, Веселоподол, Севастополь орта мектептерінің оқушылары үшін Қостанай облысының Полиция департаменті мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар, оқытушылар және аталған ауылдық округ әкімдері облыстық ПД-нің қалыптасу тарихымен танысты.

Мұражай сақтаушысы Танақан Делмұхамбетов оқушыларға Қазақ хандығының құрылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі ішкі істер органдарының қалыптасу тарихын баяндап берді. Балалар қару-жарақ үлгілері мен әскери қызметкерлердің формасы, сондай-ақ ЖҚАЖ қызметкері мен қасында қызметтік иті бар Ұлттық ұлан кинологының киім-кешек экспонатын тамашалады.

Қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан бүгінгі күннің батырлары Ғазиз Байтасов, Дархан Базарбаев, Медет Досымхановқа арналған стенд оқушылардың ерекше назарын аударды.

Экскурсия соңында Сарыкөл ауданының ПБ-нен құрметті еңбек демалысына шыққан ІІМ ардагері Жақсылық Жұмадиұлы және аудандық ПБ бастығының орынбасары полиция капитаны Ербол Қасымұлы полиция қызметкерінің күнделікті өмірінде кедесетін оқиғалармен бөлісті. Келушілер мұражай сақтаушысына жылы қабылдау және қызықты әрі танымды мәліметтер үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру